О внесении изменения и дополнения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 18 февраля 2014 года № 50 "Об утверждении перечня бюджетных инвестиционных и концессионных проектов, финансирование разработки или корректировки, а также проведение необходимых экспертиз технико-экономических обоснований, консультативное сопровождение концессионных проектов которых осуществляется за счет средств распределяемой бюджетной программы 002 "Разработка или корректировка, а та
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 18 февраля 2014 года № 50 "Об утверждении перечня бюджетных инвестиционных и концессионных проектов, финансирование разработки или корректировки, а также проведение необходимых экспертиз технико-экономических обоснований, консультативное сопровождение концессионных проектов которых осуществляется за счет средств распределяемой бюджетной программы 002 "Разработка или корректировка, а та
- Атауы (қаз.)
- "Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 "Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қ
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 28.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2014 AI78826_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009304
- ЭКБ идентификаторы
- 78826
- Редакция идентификаторы
- AI78826_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:18
0
"Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 "Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 454, 462, және 468-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінің 26-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9208 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 4, 5, 6, 7-жолдармен толықтырылсын:
«
«Қазақстан Республикасы
Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ
4
Қазақстан Республикасының Электрондық Парламентін қалыптастыру
23 000,00
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
5
Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор мұрағаттарын сақтау және каталогтаудың электрондық жүйесін жасау
16 000,00
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
6
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына арналған ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері
6 800,00
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі
7
GMP стандарттарына сәйкес диагностикалық және иммундық-биологиялық препараттарды өндіру бойынша өндірістік кешенді құру
16 494,00
»;
мына:
«
Жиыны
23 986,00
87 961,00
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жиыны
86 280,00
87 961,00
».