Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516 «Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы»

Бұйрық · № 83 · қабылданған 01.02.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2014-no-516-ekb-129098/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516 «Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы» Қолданыста Бұйрық ·№ 83 ·01.02.2019
01.02.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516 «Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 83 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516 «Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы»
Атауы (қаз.)
«Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
83
Қабылданған күні
01.02.2019
Көрсетілген редакция
01.02.2019 129098_390062.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018277
ЭКБ идентификаторы
129098
Редакция идентификаторы
129098_390062
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:14

0 «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9753 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8827 болып тіркелген) Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектептер облыстар және Астана, Алматы, Шымкент қалалары ҚАЖ органдарының ұсынымы бойынша, облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім беру басқармаларымен келісу бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады.
4. Мектепте оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мектепке қабылдау бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар арасынан жүзеге асырылады және техникалық және кәсіптік білім алу үшін білімі туралы құжаттардың негізінде ұйымдастырылады. Білімі туралы құжаттары болмаған жағдайда мектеп директоры сотталған оқыған білім беру ұйымы қарамағына жататын облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім беру басқармаларына сұрау салу жолдайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

Қолданыстағы