Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516 «Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы»

Бұйрық · № 331 · қабылданған 26.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2014-no-516/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516 «Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы» Қолданыста Бұйрық ·№ 331 ·26.04.2023
26.04.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516 «Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 331 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516 «Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы»
Атауы (қаз.)
«Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
331
Қабылданған күні
26.04.2023
Көрсетілген редакция
26.04.2023 180483_629270.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032388
ЭКБ идентификаторы
180483
Редакция идентификаторы
180483_629270
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:32

0 «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектептер «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) облыстар және Астана, Алматы, Шымкент қалалары ҚАЖ органдарының ұсынымы бойынша, облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім беру басқармаларымен келісу бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады.».
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепте оқу процесі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген), сондай-ақ «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31666 болып тіркелген) жүзеге асырылады.».
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке қабылдау бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар арасынан жүзеге асырылады және білімі туралы құжаттардың негізінде техникалық және кәсіптік білім алуы үшін ұйымдастырылады. Білімі туралы құжаттары болмаған жағдайда мектеп директоры сотталған оқыған білім беру ұйымы қарамағына жататын облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім беру басқармаларына сұрау салу жолдайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
2023 жылғы «____» ___________

Қолданыстағы