О внесении изменения и дополнения в постановление акимата от 18 февраля 2014 года № 52 "Об организации общественных работ в Федоровском районе в 2014 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата от 18 февраля 2014 года № 52 "Об организации общественных работ в Федоровском районе в 2014 году"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 52 "2014 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 203
- Қабылданған күні
- 09.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2014 81124_153944.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NT004908
- ЭКБ идентификаторы
- 81124
- Редакция идентификаторы
- 81124_153944
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:27
0 Әкімдіктің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 52 "2014 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 – бабы 5) тармақшасына, 20 – бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Федоров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 52 "2014 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4480 тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Федоровкие новости" аудандық газетінде жарияланған) "Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері" жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген қосымшаға мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
13 реттік нөмір жаңа редакцияда жазылсын:
"
№
Ұйымның атауы
Жұмыс түрлері
Жұмыс көлемі (сағат)
Еңбекақы төлеу
Жұмыстардың нақты жағдайлары
13
"Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, аумақты жинауға және елді мекендерді аббаттандыруға көмектесу
14568
Ең төменгі айлық жалақының 1,5
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен
";
мынадай мазмұндағы 15 реттік нөмірімен толықтырылсын:
"
№
Ұйымның атауы
Жұмыс түрлері
Жұмыс көлемі (сағат)
Еңбекақы төлеу
Жұмыстардың нақты жағдайлары
15
"Федоров ауданының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі
Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, құжаттарды өңдеу бойынша күнделікті техникалық жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету үшін
1840
Ең төменгі айлық жалақының 1,5
Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен көзделген шектеулерді есепке алып, аптасына 40 сағаттан артық емес, екі демалыс күнімен, бір сағаттан кем емес түскі үзіліспен
".
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi орынбасарының міндетін атқарушы З.А. Байменоваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Федоров ауданының прокуроры
_________ Н. Абенов