О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 520 «Об утверждении Правил организации санитарно-эпидемиологического надзора в учреждениях уголовно-исполнительной системы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 520 «Об утверждении Правил организации санитарно-эпидемиологического надзора в учреждениях уголовно-исполнительной системы»
- Атауы (қаз.)
- «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 882
- Қабылданған күні
- 08.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2023 189799_672524.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033758
- ЭКБ идентификаторы
- 189799
- Редакция идентификаторы
- 189799_672524
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:04
0 «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 520 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру қағидаларында:
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізуді;»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өндірілетін өнімді, жұмысты және қызметті өндірістік бақылауды «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 62 бұйрық).
9. Микроклиматты және жарықты физикалық өлшеу № 62 бұйрықтың және «Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) талаптарына сәйкес бөлмелердің микроклиматын сипаттайтын оңтайлы және рұқсат етілген нормаларға сәйкес мекеменің өндірістік зертханасы немесе өзге аккредитацияланған зертхана жүргізеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Судың сапасын өндірістік зертханалық қадағалауды аккредитацияланған зертхана «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31934 болып тіркелген) талаптарына сәйкес көрсеткіштерді анықтау және сынамаларды алу арқылы жүргізеді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Тағамның үлес нормасын бөлу «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы №488 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын талаптар «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28925 болып тіркелген).
5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-параграф. Инфекциялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.»;
32, 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«32. ҚАЖ мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылаудың ұйымдастырылуын және жүргізілуін қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
33. ҚАЖ мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау:
1) «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қазандағы № ҚР ДСМ-111 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30078 болып тіркелген);
2) «Вирустық гепатиттер мен АИТВ инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22869 болып тіркелген);
3) «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22833 болып тіркелген);
4) «Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27348 болып тіркелген);
5) «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30928 болып тіркелген);
6) «Қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22157 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
34. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруды аумақтық ҚАЖ департаменттерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобының санитариялық дәрігерлері жүзеге асырады.»;
36-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 150 бұйрығының талаптарына сәйкес жоспарлы профилактикалық егу жүргізуді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33463 болып тіркелген);»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Инфекциялық ауруларды анықтаған кезде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.»;
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Мекемелерде аса қауіпті инфекциялық аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25151 болып тіркелген).»;
93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«93. Паразиттік аурулар кезіндегі санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 бұйрығының талапарына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28086 болып тіркелген).»;
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«103. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу талаптары ««Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 бұйрығымен белгіленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28977 болып тіркелген).»;
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі