О внесении изменения в постановление акимата Отырарского района от 18 сентября 2014 года № 523 "Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер подушевого финансирования и родительской платы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Отырарского района от 18 сентября 2014 года № 523 "Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер подушевого финансирования и родительской платы"
- Атауы (қаз.)
- "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 523 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 09.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2016 87889_87869.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15UI003079
- ЭКБ идентификаторы
- 87889
- Редакция идентификаторы
- 87889_87869
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:45
0 «Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру
және ата-ананың ақы төлеу
мөлшерін бекіту туралы»
Отырар ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 18 қыркүйектегі
№523 қаулысына өзгеріс енгізу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Отырар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №523 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2827 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазанда «Отырар алқабы» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;