Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 18 августа 2015 года № 1007/15 «Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот в городе Павлодаре»

Қаулы · № 297/1 · қабылданған 15.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2015-no-100715/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 18 августа 2015 года № 1007/15 «Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот в городе Павлодаре» Қолданыста Қаулы ·№ 297/1 ·15.03.2023
15.03.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 18 августа 2015 года № 1007/15 «Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот в городе Павлодаре»

Қолданыста Қаулы ·№ 297/1 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Павлодара от 18 августа 2015 года № 1007/15 «Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот в городе Павлодаре»
Атауы (қаз.)
Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы «Павлодар қаласында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» № 1007/15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
297/1
Қабылданған күні
15.03.2023
Көрсетілген редакция
15.03.2023 179073_621863.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23PA007315
ЭКБ идентификаторы
179073
Редакция идентификаторы
179073_621863
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:12

0 Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы

«Павлодар қаласында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен
пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін,
сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы»
№ 1007/15 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы «Павлодар қаласында мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» № 1007/15 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4689 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қоса берілген Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

Павлодар қаласы
әкімдігінің 2023 жылғы
15 наурыздағы № 297/1
қаулысына қосымша
Павлодар қаласы
әкімдігінің 2015 жылғы
«18» тамыздағы
№ 1007/15 қаулысымен
бекітілген
Павлодар қаласында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі,
сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері

Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2
Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар
Тегін
3
Балалар үйлерінен оқушы-балалар
Тегін
4
Спорт ардагерлері
Тегін
5
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
6
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
7
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік
*Ескертпе: Осы тізбе мемелекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданылады.

Қолданыстағы