Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 133 «Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг»

Бұйрық · № 49 · қабылданған 22.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2015-no-133-ekb-99435/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 133 «Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг» Күшін жойған 05.09.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 133 «Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг»

Күшін жойған Бұйрық № 49 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 февраля 2015 года № 133 «Об утверждении Правил оптимизации и автоматизации государственных услуг»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
49
Қабылданған күні
22.01.2016
Көрсетілген редакция
05.09.2022 99435_593111.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013203
ЭКБ идентификаторы
99435
Редакция идентификаторы
99435_593111
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:00
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді

оңтайландыру және автоматтандыру
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы
18 ақпандағы № 133 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10501 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылы 9 шілдеде № 129 (28607), «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларында:
15-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету.»;
1-қосымшада:
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «қалай болады» қызметін көрсету процесінің сипаттамасы.
Кіші бөлімде оңтайландыруды және автоматтандыруды ескере отырып, қызмет көрсетудің нұсқалары «қалай болады» қызметін көрсету процестерінің схемалары және олардың мәтіндік түсіндірмелері түрінде сипатталады. Қызметті көрсетудің бірнеше баламалы нұсқалары («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, мемлекеттік органның кеңсесі, ЭЛП немесе ЭҮП арқылы) болған жағдайда, схемалар мен олардың сипаттамасы әр нұсқа үшін жеке құрылады.
«Қалай болады» қызметін көрсету процесінің схемасын сипаттау және құру қағидаттары «қазіргі таңда» процесін сипаттауға ұқсас.
«Қалай болады» процесін сипаттауда мыналар көрініс табады:
ішкі және сыртқы порталдарға бөле отырып, ЭҮП пен ЭЛП-тің қатысуы;
басқа ақпараттық жүйелермен немесе деректер қорларымен өзара іс-қимыл;
процеске барлық қатысушылардың ЭҮП-пен немесе ЭЛП-пен өзара іс-қимылы;
барлық мүмкін болатын кіру мен шығулар (өтінішті қабылдау, нәтижесін беру).
2-қосымшада:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелерді (мемлекеттік қызметті көрсету процесін автоматтандырған жағдайда) өзара және «электрондық үкіметтің» веб-порталымен немесе «электрондық лицензиялау» веб-порталымен және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қоса алғандағы мерзімдері мен орындалу тәртібі.».

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.