О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 18 сентября 2015 года № 1647 «Об утверждении схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Петропавловска Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 18 сентября 2015 года № 1647 «Об утверждении схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах города Петропавловска Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасын және тәртібін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 1647 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 376
- Қабылданған күні
- 20.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2024 195663_705749.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24SA774615
- ЭКБ идентификаторы
- 195663
- Редакция идентификаторы
- 195663_705749
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:28
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасын және тәртібін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
18 қыркүйектегі № 1647 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасын және тәртібін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қыркүйектегі №1647 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3426 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібінде:
4-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) соңғы жыл ішінде еңбек тәртiбiн және «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзбаған» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелді).
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Балаларды тасымалдау үшін бөлінетін автобустардың техникалық жай-күйі, техникалық қызмет көрсету көлемдері мен мерзімдері, жабдықтары, «Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 бұйрығымен бекітілген автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына жауап беруге тиіс (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12221 болып тіркелді).
Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiгi болады және «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген, «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 25-қосымшаның 1-тармағына сәйкес келеді, сонымен қатар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелді):
1) автобустың алдында және артында орнатылатын "Балаларды тасымалдау» төртбұрышты айыратын белгiлермен;
2) сары түстi жылтыр шағын шамшырағымен;
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын және оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
4) «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9649 болып тіркелді) бекітілген автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесіне сәйкес дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдары бар екі алғашқы көмек (автомобильді) дәрі қобдишасымен:
5) жылжуға қарсы екі тiрекпен;
6) авариялық тоқтау белгiсiмен жабдықталады.».