О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 210 «Об утверждении Правил проведения квалификационных проверок знаний правил технической эксплуатации и правил безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу и распределение электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электро- и энергоустановок»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 210 «Об утверждении Правил проведения квалификационных проверок знаний правил технической эксплуатации и правил безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу и распределение электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электро- и энергоустановок»
- Атауы (қаз.)
- «Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 341
- Қабылданған күні
- 05.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.10.2017 116032_259354.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015992
- ЭКБ идентификаторы
- 116032
- Редакция идентификаторы
- 116032_259354
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:43
0
«Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басшылар – электр және жылу энергиясын өндіру, беру негізгі қызмет түрі болып табылатын ұйымдарда бірінші басшының (басқарма төрағасы, бас директор, директор), оның техникалық мәселелер жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасарының (егер электр және жылу энергиясын өндіру, беру ұйымның негізгі қызмет түрі болып табылмаса – энергетикалық бөлім басшысының және оның орынбасарының лауазымын атқаратын адамдар); ұйымның бас инженерінің, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі (бөлімі) басшысының лауазымын атқаратын адамдар.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) жауапты басшысы болмаған жағдайда ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға ішкі бақылауды қамтамасыз ету үшін жауапты адамы білімді біліктілік тексеруден осы Қағидаларға сәйкес өтеді;»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мамандар – осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жұмысты орындауы үшін электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рұқсатты алу талап етілетін жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналына басшылықты жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарының, цехтарының, қызметтерінің, бөлімдерінің басшылары;»;
12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) нәтижесінде жабдықтың (электр қондырғыларының, ғимараттардың, құрылыстардың) бүлінуі, электр, жылу энергиясын өндіру, беру, тұтынудың белгіленген режимінің бұзылуы орын алған ұйым персоналының, соның ішінде автоматика, релелік немесе технологиялық қорғаныс құрылғыларын реттеу бойынша қате іс-әрекеттерінің фактісі;»;
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) энергетикалық қондырғыларда жұмыс істеу кезінде комиссияның электр, жылу энергиясын өндіру, беру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымның персоналы тарапынан комиссияның қауіпсіздік нормаларында жіберілген бұзушылықтарды анықтауы;»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына
1-қосымша»
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтуге жататын басшылардың тізімі»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына
2-қосымша»
көрсетілген Қағидаларға 3, 4, 5, 6, 7 және 8 – қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6 – қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына
9-қосымша»
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2)осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3)осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4 4)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5)осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а.
____________ А. Әжібаев
2017 жылғы 26 қазан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 30 қазан
1 Өтініш
Қазақстан Республикасы
Энергетика минстрінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 341 бұйрығына 1-қосымша
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
_____________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
№ _______ Күні: 20____жылғы «___» ________
Өтініш
Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша _________ рұқсат тобын ___________
(рұқсат тобын көрсету) (алу, арттыру немесе растау)
үшін электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану
қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге
асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік
техникасы қағидаларын білуге __________ біліктілік тексеруден өтуіме рұқсат
(бастапқы, кезекті, кезектен тыс)
беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша: Лауазымға тағайындау туралы 20 ___жылғы «___» ________ № ___ бұйрықтың көшірмесі.
Қолы _____________
2 Хабарлама
Қазақстан Республикасы
Энергетика минстрінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 341 бұйрығына
2-қосымша
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Хабарлама
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті
____________________________________________ қабылданған өтінішіне
(тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда))
сәйкес білімді біліктілік тексеру
тестілеу күні: ___________________________________
тестілеу уақыты: __________________________________
тестілеу мекенжайы: _________________________________ бойынша
өткізілетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің автоматтандырылған тіркеу жүйесі электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден «электрондық үкімет» порталы арқылы өту үшін берді.
Қолы____________
20 __ жылғы «____» _______________
3 Бұзушылық туралы акті
Қазақстан Республикасы
Энергетика минстрінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 341 бұйрығына
3-қосымша
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Бұзушылық туралы акті
20 _ ж. «____» __________ ____ сағ. ______ мин.
Комитеттің өкілі:__________________________________ басшы
(тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________ ЖСН ________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларының 27-тармағын бұзу фактісін анықтады.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(бұзудың қысқаша сипаты)
Комитет өкілінің қолы: ____________________________________________
Актімен таныстым: _________________________________________________
(басшының қолы,тегі, аты, әкесінің аты)
Жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшы осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда тиісті жазба жасалады.
_________________________________________________________________________________________
(осы актіге қол қоюдан жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшының бас тарту фактісін растайтын өзге адамның (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
4 Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі
Қазақстан Республикасы
Энергетика минстрінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 341 бұйрығына
4-қосымша
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өту нәтижесі
Тестілеу күні
Тегі, аты, әкесінің аты:
ЖСН:
Тест сұрақтарының саны
Шекті мәні
Дұрыс жауап саны
Нәтиже
Тестілеу нәтижесі бойынша __________________________ электр энергетикасы
(Тегі, аты, әкесінің аты)
саласындағы техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын
білуіне ______________ біліктілік тексеруден өтті және электр қауіпсіздігі
(бастапқы, мерзімді және кезектен тыс)
бойынша _____ рұқсаттама топ берілді.
(рұқсаттама тобын көрсету)
5 Өтініш
Қазақстан Республикасы
Энергетика минстрінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 341 бұйрығына
5-қосымша
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау жөніндегі
органның апелляциялық комиссиясының төрағасына
_________________________________
_________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________
(лауазымы)
_________________________________
(ұйымның атауы және мекенжайы)
Өтініш
Техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге біліктілік тексеру нәтижелері бойынша менің апелляциямды қарауыңызды сұраймын, атап айтқанда:
Р/с №
Тестілеу сұрағының нөмірі мен мазмұны
Апелляция себебі
Өтініш берушінің қолы: _______________
Өтініш берілген күні: 20__ жылғы «___» ____________
Ескертпелер:
«Апелляция себебі» бағанына, төменде аталған себептердің бірін көрсету қажет:
1 1)сұрақ қате қойылған
2 2)жауап қате қойылған
3 3)дұрыс жауап жоқ
4 4)Бағдарлама қателігі (екі бірдей жауап, екі дұрыс жауап, жауап жоқ, сұрақ жоқ, бағдарлама ақауы)
5 5)өзге себептер
6 Хаттама
Қазақстан Республикасы
Энергетика минстрінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№ 341 бұйрығына
6-қосымша
Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Хаттама
Астана қ.
№ ____________
20___ жылғы «___»________
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің мына құрамдағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жөніндегі апелляциялық комиссиясы:
(комиссия құрамы)
электр қауіпсіздігі бойынша «____»_________________________ үшін
(рұқсат тобын) (беру, арттыру, растау)
20 __ жылғы «___»__________ білімді _______________________________
(бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)
біліктілік тексеруден өткен ____________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
________________________________________________________________________
жұмыс орны (ұйымның толық атауы)
өтініші бойынша техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру нәтижелері бойынша материалдарды қарап, шешім қабылдады
апелляция __________________________ .
(қанағаттандырылсын/ қанағаттандырылмасын)
__________________
Қолы
_____________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________
Қолы
_____________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)