О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 216 «Об утверждении Правил выдачи квот на выбросы парниковых газов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 216 «Об утверждении Правил выдачи квот на выбросы парниковых газов»
- Атауы (қаз.)
- «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 22.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2016 100276_128622.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013432
- ЭКБ идентификаторы
- 100276
- Редакция идентификаторы
- 100276_128622
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:00
0 «Парниктік газдар шығарындыларына
квоталар беру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің 2015 жылғы
18 наурыздағы № 216 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10905 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларында:
2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2)осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2016 жылғы 08 ақпан
9 Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 22 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
қосымша
Парниктік газдар
шығарындыларына квоталар
беру қағидаларына
2-қосымша
нысан
_________________________________________________________________
(парниктік газдар шығарындыларына сертификат беретін органның атауы)
Парниктік газдар шығарындыларына
СЕРТИФИКАТ
Осы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-3-бабына
сәйкес берілген сертификат_____________________________________________
(қондырғы операторының атауы)
БСН____________________________________________________________
_______________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
Өндірістік объектінің (қондырғының) атауы _________________________
Төмендегі қызмет түрлері бойынша __________________________________
(қызмет түрлері көрсетіледі)
парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі оның міндеттемелерін орындау
және Квота бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес көміртегі бірліктерін саудалауға
қатысу мақсатында парниктік газдар шығарындыларына __________ жыл(дар)ға
________________ тонна мөлшерінде рұқсат алғандығын куәландырады.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 94-4-бабының 1-тармағына сәйкес
қосымша квота көлемі:
есептік кезеңге.
Сертификатты тапсыру мерзімі: 20___ жылғы « » _______ дейін.
Тәуелсіз аккредиттелген ұйыммен расталған Қазақстан Республикасы Энергетика
Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен
бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818
тіркелген) парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарына сәйкес
парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есеп есепті жылдан кейінгі
жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде ұсынылады.
Мониторинг ___________________________________ сәйкес жүргізіледі
(Қондырғыға қолданылатын мониторинг стандарттарын көрсете отырып,
мониторинг талаптары (қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
орган бекіткен әдістемелер))
Басшы (уәкілетті адам) _____________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.(оның болған жағдайда)
М. Ө.
__________________ қаласы Берілген күні _______________________