Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года № 221 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства»

Қаулы · № 316 · қабылданған 21.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2015-no-221/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года № 221 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства» Күшін жойған Қаулы ·№ 316 ·21.10.2016
05.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года № 221 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 316 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года № 221 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 221 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
316
Қабылданған күні
21.10.2016
Көрсетілген редакция
05.06.2020 107843_466625.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16Z0004604
ЭКБ идентификаторы
107843
Редакция идентификаторы
107843_466625
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:29

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 18 тамыздағы №221
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2015 жылғы 18 тамыздағы №221 «Сәулет, қала құрылысы және

құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4056 тіркелген, 2015 жылғы 13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 12 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі жөніндегі анықтаманы және көрсетілетін қызметті алушыны тестілеуге жіберу немесе жібермеу туралы бұйрықты дайындайды;»;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2 қосымшасы осы қаулының  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Н.Ғұбайдуллин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы

әкімінің орынбасары Б.О. Азбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 2016 жылғы «21» қазандағы №316

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына қосымша
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және
инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы