О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 353 «Об утверждении норм снабжения продовольствием, кормами, оборудованием, столово-кухонной посудой и техникой продовольственной службы Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 353 «Об утверждении норм снабжения продовольствием, кормами, оборудованием, столово-кухонной посудой и техникой продовольственной службы Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время»
- Атауы (қаз.)
- «Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 315
- Қабылданған күні
- 07.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2020 144557_471462.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020942
- ЭКБ идентификаторы
- 144557
- Редакция идентификаторы
- 144557_471462
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:39
0 «Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн
азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы
18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы
18 маусымдағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген, 2015 жылғы
24 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбiт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларында:
«Жалпыәскери жеке тамақтандыру рационы» деген 17-нормада:
ескертпенің 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мерзімді қызмет әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының (әскери факультет) курсанттары, кадеттері, тәрбиеленушілері және ұландары, олардың демалысқа, каникулға, іссапарға, жаңа қызмет орнына, запасқа шығарылғандар – тұрғылықты жеріне дейін жол жүргенде;».
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі