Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 353 «Об утверждении норм снабжения продовольствием, кормами, оборудованием, столово-кухонной посудой и техникой продовольственной службы Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время»

Бұйрық · № 835 · қабылданған 27.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2015-no-353/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 353 «Об утверждении норм снабжения продовольствием, кормами, оборудованием, столово-кухонной посудой и техникой продовольственной службы Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время» Күшіне енбеген 27.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 353 «Об утверждении норм снабжения продовольствием, кормами, оборудованием, столово-кухонной посудой и техникой продовольственной службы Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время»

Күшіне енбеген Бұйрық № 835 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 353 «Об утверждении норм снабжения продовольствием, кормами, оборудованием, столово-кухонной посудой и техникой продовольственной службы Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время»
Атауы (қаз.)
«Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
835
Қабылданған күні
27.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
09.08.2026
Көрсетілген редакция
27.07.2026 I228265_0.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26B0000835
ЭКБ идентификаторы
228265
Редакция идентификаторы
I228265_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:16
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларында:
«Жалпыәскери азық үлесі» деген 1-нормаға ескертпенің 1-тармағы:
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»;
«Инженерлік-техникалық құрамға арналған азық үлесі» деген 2-нормаға ескертпеде:
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»;
«1500 метр және одан жоғары биіктіктегі биік таулық азық үлесі» деген 4-нормаға ескертпеде:
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»;
«Десанттық-шабуылдау әскерлеріне арналған азық үлесі» деген 5-нормаға ескертпеде:
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»;
«Ұшқыш азық үлесі» деген 10-нормаға ескертпеде:
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»;
«Теңiз азық үлесі» деген 11-нормаға ескертпеде:
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) әскери қызметшілер – казармалық жағдайда болған және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде.»;
«Жалпыәскери жеке тамақтандыру рационы» деген 17-нормада:
ескертпенің 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери қызметшілер – жол жүргенде, далалық жағдайда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, полигонда, өз әскери бөлімінен жеке орналасқан бөлімшеде, зілзала және апат ауданында, бітімгершілік операцияда, төтенше жағдай және төтенше ахуал кезеңінде казармалық жағдайда болған кезде, сондай-ақ карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде;»;
«Десанттық-шабылдау әскеріне арналған жеке тамақтандыру рационы» деген 18-нормада:
ескертпенің 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 5-норма бойынша жабдықталатын әскери қызметшілер – жол жүргенде, далалық жағдайда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, полигонда, өз әскери бөлімінен жеке орналасқан бөлімшеде, зілзала және апат ауданында, бітімгершілік операцияда, төтенше жағдай және төтенше ахуал кезеңінде казармалық жағдайда болған кезде, сондай-ақ карантиндік іс-шараларға қатысқан кезде;».

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі