О внесении изменения и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2015 года № 489 «Об утверждении натуральных норм специального автотранспорта для Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан и его территориальных подразделений»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2015 года № 489 «Об утверждении натуральных норм специального автотранспорта для Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан и его территориальных подразделений»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 14.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2022 130219_616684.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018463
- ЭКБ идентификаторы
- 130219
- Редакция идентификаторы
- 130219_616684
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:50
0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 489 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12200 тіркеліп, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне арналған арнайы автокөліктің заттай нормаларында:
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
16
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаменті
2
2600
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-жолымен толықтырылсын:
«
19
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаменті
2
2600
»;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Е.Ш. Карашукеев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.