Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 сентября 2015 года № 7-1/832 «Об утверждении ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований к объектам производства, осуществляющим заготовку (убой животных), хранение, переработку и реализацию продукции и сырья животного происхождения»

Бұйрық · № 421 · қабылданған 15.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2015-no-7-1832/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 сентября 2015 года № 7-1/832 «Об утверждении ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований к объектам производства, осуществляющим заготовку (убой животных), хранение, переработку и реализацию продукции и сырья животного происхождения» Қолданыста Бұйрық ·№ 421 ·15.10.2018
15.10.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 сентября 2015 года № 7-1/832 «Об утверждении ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований к объектам производства, осуществляющим заготовку (убой животных), хранение, переработку и реализацию продукции и сырья животного происхождения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 421 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 18 сентября 2015 года № 7-1/832 «Об утверждении ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований к объектам производства, осуществляющим заготовку (убой животных), хранение, переработку и реализацию продукции и сырья животного происхождения»
Атауы (қаз.)
«Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
421
Қабылданған күні
15.10.2018
Көрсетілген редакция
15.10.2018 125620_367334.kaz
Соңғы өзгеріс
15.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017644
ЭКБ идентификаторы
125620
Редакция идентификаторы
125620_367334
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:54

0

«Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 7-1/832 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12208 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарларды союды (жануарларды сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) қоспағанда), жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің әкімшілігі Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындайтын өндірістік бақылау бөлімшелерін құрады.
Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындауға арналған өндірістік бақылау бөлімшелеріне 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген мемлекеттік зертханаларды (орталықтарды) тартуына жол беріледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Өндіріс объектілерінің аумақтарына қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Ет және ет өнімдерін дайындауды (жануарларды союды), сақтауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Сүт және сүт өнімдерін дайындауды, сақтауды, қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Балық және балық өнімдерін дайындауды, сақтауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар»;
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Үй-жайлардың күтіп-ұстау және пайдалануға беру, жобалау, жөндеу, сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру, жылумен жабдықтау, желдету, ауа баптау, жабдықтар, еңбек жағдайы, жануарлардан алынатын өнімді қабылдау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу, өлшеп орау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15689 болып тіркелген) бекітілген «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Жануарлардан алынатын өнім мен шикізат өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
_____________ Е. Біртанов
2018 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы «____» _____________

Қолданыстағы