О внесении изменения и дополнений в решение Кызылкогинского районного маслихата от 18 ноября 2015 года № XXXV-3 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в решение Кызылкогинского районного маслихата от 18 ноября 2015 года № XXXV-3 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- XXXVII-4
- Қабылданған күні
- 28.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2024 133211_690328.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19TE004443
- ЭКБ идентификаторы
- 133211
- Редакция идентификаторы
- 133211_690328
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:18
0 Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3385 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Қызылқоға» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасының:
1-тармағы келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.»;
4-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Стандарттың 3 тармағына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөліміне және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінеді.»;
келесі мазмұндағы 7-1- тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөліміне немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.».