О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Караганды от 18 февраля 2015 года №07/15 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел ветеринарии города Караганды»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Караганды от 18 февраля 2015 года №07/15 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел ветеринарии города Караганды»
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/15 «Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42/20
- Қабылданған күні
- 02.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.01.2017 95679_153645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KA003426
- ЭКБ идентификаторы
- 95679
- Редакция идентификаторы
- 95679_153645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:32
0 Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/15 «Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №9891 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, «Бірқатар функцияларды беру туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 мамырдағы №24/05 қаулысын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы №07/15 «Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3016 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 19 наурыздағы №43-44 «Орталық Қазақстан», №33-34 «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) Көрсетілген қаулымен бекітілген «Қарағанды қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 8 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100019, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Прогресс көшесі, 23 үй.»;
2 2) Ереженің 15 тармағы келесі мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) ашық және жабық аумақтарда кеміргіштерді жою жөніндегі дизенсекциялық және дератизациялық жұмыстарды, таяз су айдындарында және ашық аумақтарда шыбын-шіркейді жою жұмысын жүргізуді ұйымдастыру;».