О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года №216 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере геологии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года №216 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере геологии»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы №216 «Геология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 274
- Қабылданған күні
- 13.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2020 106672_475064.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16Z0004562
- ЭКБ идентификаторы
- 106672
- Редакция идентификаторы
- 106672_475064
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:49
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 18 тамыздағы №216
«Геология саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №501 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда №11452 болып тіркелді) cәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2015 жылғы 18 тамыздағы №216 «Геология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4048 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
2
2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.