Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года №221 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства»

Қаулы · № 309 · қабылданған 28.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2015-no221/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года №221 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства» Күшін жойған Қаулы ·№ 309 ·28.12.2018
05.06.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года №221 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 309 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 18 августа 2015 года №221 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы №221 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
309
Қабылданған күні
28.12.2018
Көрсетілген редакция
05.06.2020 128330_466627.kaz
Соңғы өзгеріс
05.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18Z0005497
ЭКБ идентификаторы
128330
Редакция идентификаторы
128330_466627
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:37

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы

№221 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы №221 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4056 тіркелген, 2015 жылғы

13 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VІ Кодексіне сәйкес:
1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
3) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VІ Кодексіне сәйкес:
1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
3) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VІ Кодексіне сәйкес:
1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын;
3) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алып тасталсын.

2

2. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Б.Сейтқали) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы

әкімінің орынбасары Б.О. Азбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы