О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 18 ноября 2015 года №ХХХV-3 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 18 ноября 2015 года №ХХХV-3 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- XXXVII-4
- Қабылданған күні
- 15.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2024 99221_690324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TE003463
- ЭКБ идентификаторы
- 99221
- Редакция идентификаторы
- 99221_690324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:08
0 Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3385 санымен тіркелген, аудандық «Қызылқоға» газетінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) 3 тармағындағы орыс тіліндегі мәтінінде «услуг» сөзінен кейін «и услуг связи» сөздерімен толықтырылсын;
2 2) 5- тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылып, мемлекеттік тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қызылқоға ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге беріледі».