О внесении изменений в решение районного маслихата от 18 ноября 2015 года №ХХХV-3 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 18 ноября 2015 года №ХХХV-3 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- II-15
- Қабылданған күні
- 26.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2024 102245_690320.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TE003511
- ЭКБ идентификаторы
- 102245
- Редакция идентификаторы
- 102245_690320
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:24
0 Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-3 «Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №3385 санымен тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда аудандық «Қызылқоға» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
Қағиданың:
4 тармағындағы «Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Қызылқоға аудандық бөлімі» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы –«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Қызылқоға аудандық бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 - тармақтың 3) тармақшасының орыс тіліндегі мәтінінде «Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.» деген абзац алынып тасталсын.