О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Саздинского сельского округа от 18 марта 2016 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Саздинского сельского округа от 18 марта 2016 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 1 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 21.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2016 108622_147172.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CAE05185
- ЭКБ идентификаторы
- 108622
- Редакция идентификаторы
- 108622_147172
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:48
0 Шектеу іс-шараларын алу және Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 1 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 - бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 20 қазандағы № 5-2/551 ұсынысы негізінде, Сазды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Сазды ауылдық округінің Мағаджан орман шаруашылығында орналасқан «Кіші-құм» шаруа қожалығы аумағында ірі мүйізді қара малы арасында бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринариялық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2
2. Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылдың 18 наурыздағы № 1 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4835 болып тіркелген, 2016 жылдың 11-12 сәуірінде «Ақтөбе» және Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.