О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 132 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере медицинской деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 132 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере медицинской деятельности»
- Атауы (қаз.)
- Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 294
- Қабылданған күні
- 29.12.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2021 118407_508793.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17G0003686
- ЭКБ идентификаторы
- 118407
- Редакция идентификаторы
- 118407_508793
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:14
0 Медициналық қызмет саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл
облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі
№ 132 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 132 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3078 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің:
5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерімен 15 (он бес) минуттың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен 3 (үш) сағаттың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды бөлім басшысына жіберу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысымен 3 (үш) сағаттың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және жауапты орындаушыға жіберу;
4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды, қызмет көрсету нәтижесін әзірлеп, басшыға ұсынады:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 14 (он төрт) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
қағаз нысанда берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарының толықтығын тексереді, сондай-ақ лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу үшін өтініш берушінің алдағы қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру орны бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшеріне сұрау салуды жібереді.
Ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне 3 (үш) сағат ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін қызметті берушінің кеңсесіне/Мемлекеттік корпорацияға/порталға жолдау.»;
8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен 15 (он бес) минуттың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен 3 (үш) сағаттың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды бөлім басшысына жіберу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысымен 3 (үш) сағаттың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және жауапты орындаушыға жіберу;
4) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды, қызмет көрсету нәтижесін әзірлеп, басшыға ұсынады:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 14 (он төрт) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
қағаз нысанда берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарының толықтығын тексереді, сондай-ақ лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу үшін өтініш берушінің алдағы қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру орны бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшеріне сұрау салуды жібереді.
Ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне 3 (үш) сағат ішінде қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін қызметті берушінің кеңсесіне/Мемлекеттік корпорацияға/порталға жолдау.»;
2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әбдірайымовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бизнес-процесінің анықтамалығы
Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 294 қаулысына қосымша
«Медициналық қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бизнес-процесінің анықтамалығы
Құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;