О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 132 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере медицинской деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 132 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере медицинской деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 12.06.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 28.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.02.2021 123358_508797.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18G0003888
- ЭКБ идентификаторы
- 123358
- Редакция идентификаторы
- 123358_508797
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:07
0 «Медициналық қызмет саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл
облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі
№ 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 132 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3078 болып тіркелген, 2016 жылдың 3 маусымдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын;
5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен 15 (он бес) минуттың ішінде Мемлекеттік корпорациядан/порталдан келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;»;
5-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
4) көрсетілетін қызмет беруші бөлімінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды, қызмет көрсету нәтижесін әзірлеп, басшыға ұсынады:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 14 (он төрт) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
қағаз нысанда берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні;
егерде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттары стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда болса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызмет беруші бөлімінің жауапты орындаушысы дайындайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа 3 (үш) сағат ішінде қол қояды;
көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты Мемлекеттік корпорацияға/порталға жібереді.»;
6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорациядан/порталдан келіп түскен қажетті құжаттарын көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына жолдауы;»;
8-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерімен 15 (он бес) минуттың ішінде Мемлекеттік корпорациядан/порталдан келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;»;
8-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
4) көрсетілетін қызмет беруші бөлімінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды, қызмет көрсету нәтижесін әзірлеп, басшыға ұсынады:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 14 (он төрт) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
қағаз нысанда берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның телнұсқасын беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні;
егерде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттары стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда болса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызмет беруші бөлімінің жауапты орындаушысы дайындайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесіне немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа 3 (үш) сағат ішінде қол қояды;
көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты Мемлекеттік корпорацияға/порталға жібереді.»;
«Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Дауылбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 А. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы 12 маусым
№114 қаулысына қосымша
«Медициналық қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
А. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
Б. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету
Құрылымдық - функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қымылдары;