О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 134 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 134 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»
- Атауы (қаз.)
- «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 12.03.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 21.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2021 130232_515543.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19G0004144
- ЭКБ идентификаторы
- 130232
- Редакция идентификаторы
- 130232_515543
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:52
0 «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы
әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 134 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3052 болып тіркелген, 2016 жылдың 17 мамырында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Жанкеге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ________
№ ____ қаулысына
қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы «18» сәуірдегі
№ 134 қаулысымен
бекітілген
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдайды – 15 (он бес) минут ішінде;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрде куәлікті (телнұсқасын) дайындап көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз түрінде куәлікке (телнұсқасына) қол қойып көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрдегі куәлікті (телнұсқасын) Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жолдайды– 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1 1) құжаттарды қабылдау;
2 2) қағаз түрде куәлікті (телнұсқасын) дайындап және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол коюға жолдау;
3 3) басшымен қағаз түріндегі куәлікке (телнұсқасына) қол қою;
4 4) Мемлекеттік корпорация қызметкеріне басшының қолы қойылған куәлікті (телнұсқасын) жолдау.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдайды – 15 (он бес) минут ішінде;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрде куәлікті (телнұсқасын) дайындап көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз түрінде куәлікке (телнұсқасына) қол қойып көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрдегі куәлікті (телнұсқасын) Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жолдайды– 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
9 9. Мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:
1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және тіркелген күні мен қызметті алу күні көрсетілген қолхат береді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді – 15 (он бес) минут ішінде;
2 2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды және қағаз түрінде куәлік (телнұсқа) жобасын дайындайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім қабылдайды және қағаз түріндегі куәлікке (телнұсқаға) қол қояды - 3 (үш) сағат ішінде;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түріндегі куәлікті (телнұсқаны) Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
6 6) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түріндегі куәлікті (телнұсқаны) береді - 15 (он бес) минут ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің (http://ukzsp.zhambyl.gov.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.
43 Мемлекеттік корпорация арқылы «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Ақталған адамға куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: