Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 134 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»

Қаулы · № 39 · қабылданған 12.03.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2016-no-134/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 134 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу» Күшін жойған Қаулы ·№ 39 ·12.03.2019
19.03.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 134 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»

Күшін жойған Қаулы ·№ 39 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 134 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверения реабилитированному лицу»
Атауы (қаз.)
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39
Қабылданған күні
12.03.2019
Қолданысқа енгізілген күні
21.04.2019
Көрсетілген редакция
19.03.2021 130232_515543.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19G0004144
ЭКБ идентификаторы
130232
Редакция идентификаторы
130232_515543
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:52

0 «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы
әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 134 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3052 болып тіркелген, 2016 жылдың 17 мамырында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Жанкеге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ________
№ ____ қаулысына
қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы «18» сәуірдегі
№ 134 қаулысымен
бекітілген
«Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 қаулысымен бекітілген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдайды – 15 (он бес) минут ішінде;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрде куәлікті (телнұсқасын) дайындап көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз түрінде куәлікке (телнұсқасына) қол қойып көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрдегі куәлікті (телнұсқасын) Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жолдайды– 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1 1) құжаттарды қабылдау;

2 2) қағаз түрде куәлікті (телнұсқасын) дайындап және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол коюға жолдау;

3 3) басшымен қағаз түріндегі куәлікке (телнұсқасына) қол қою;

4 4) Мемлекеттік корпорация қызметкеріне басшының қолы қойылған куәлікті (телнұсқасын) жолдау.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қабылдайды – 15 (он бес) минут ішінде;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрде куәлікті (телнұсқасын) дайындап көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз түрінде куәлікке (телнұсқасына) қол қойып көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды – 3 (үш) сағат ішінде;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түрдегі куәлікті (телнұсқасын) Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жолдайды– 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4 4. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:

1 1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды және тіркелген күні мен қызметті алу күні көрсетілген қолхат береді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді – 15 (он бес) минут ішінде;

2 2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын қарайды және қағаз түрінде куәлік (телнұсқа) жобасын дайындайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім қабылдайды және қағаз түріндегі куәлікке (телнұсқаға) қол қояды - 3 (үш) сағат ішінде;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қағаз түріндегі куәлікті (телнұсқаны) Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне жолдайды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6 6) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түріндегі куәлікті (телнұсқаны) береді - 15 (он бес) минут ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің (http://ukzsp.zhambyl.gov.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.

43 Мемлекеттік корпорация арқылы «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Ақталған адамға куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік корпорация арқылы «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы