Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 135 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»

Қаулы · № 81 · қабылданған 08.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2016-no-135/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 135 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами» Күшін жойған 24.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 135 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»

Күшін жойған Қаулы № 81 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 18 апреля 2016 года № 135 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами»
Атауы (қаз.)
«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
81
Қабылданған күні
08.04.2019
Қолданысқа енгізілген күні
06.05.2019
Көрсетілген редакция
24.11.2022 130608_615914.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19G0004189
ЭКБ идентификаторы
130608
Редакция идентификаторы
130608_615914
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:29
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі

№ 135 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 135 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3050 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11369 болып тіркелген) «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
3 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түріндегі өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәлігі, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы не стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.»;
5 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көрсетілетін қызметті берушінің жолаушылар көлігі бөлімінің маманының мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарауы, өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлігін немесе куәліктің телнұсқасын 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жіберуі.
Бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаралуы, куәлікті дайындауы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жіберуі.
Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту беруі.»;
8 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көрсетілетін қызметті берушінің жолаушылар көлігі бөлімінің маманы талап етілген ұсынысқа сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті өтінішті және құжаттарды қарап, куәлікті 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді.
Бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру – құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырады, куәлікті дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарына қол қоюға жібереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.»;
9 тармақтың 4), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлікті беру 3 (үш) жұмыс күні ішінде
беріледі;
5) көрсетілетін қызметті беруші өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәліктің телнұсқасын беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындайды.
Бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті беру - құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.»;
10 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.»;
көрсетілген регламенттің 2, 3 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулылардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулылардың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулылардың Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы қаулылардан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулылардың орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Дауылбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулылар әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___» __________
№ ____ қаулысына 1 қосымша
«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

10 «Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___» __________
№ ____ қаулысына 2 қосымша
«Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы