Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 149 «Об утверждении перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда»

Қаулы · № 901 · қабылданған 03.12.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2016-no-149-ekb-136896/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 149 «Об утверждении перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда» Күшін жойған Қаулы ·№ 901 ·03.12.2019
02.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 149 «Об утверждении перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда»

Күшін жойған Қаулы ·№ 901 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 149 «Об утверждении перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению за счет пенсионных активов единого накопительного пенсионного фонда»
Атауы (қаз.)
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
901
Қабылданған күні
03.12.2019
Көрсетілген редакция
02.08.2023 136896_647602.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1900000901
ЭКБ идентификаторы
136896
Редакция идентификаторы
136896_647602
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:33

0 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы

№ 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 98-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы « » .
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 наурыздағы
№ 149 қаулысымен
бекітілген
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі

1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:

1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;

2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберіндегі муниципалдық бағалы қағаздар;

3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;

4) корпоративтік бағалы қағаздар;

5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;

6) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар;

7) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;

8) РЕПО және кері РЕПО операциялары;

9) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);

10) туынды қаржы құралдары;

11) құрылымдық өнімдер;

12) валюталар;

13) ақша нарығы қорлары;

14) құймадағы және металл шоттардағы алтын;

15) исламдық қаржыландыру құралдары.

2. Қазақстанның қаржы құралдары:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

2) РЕПО және кері РЕПО операциялары;

3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 31) тармақшасында айқындалған борыштық бағалы қағаздары;

4) Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктерінің реттелген облигацияларын қоспағанда, борыштық бағалы қағаздары;

5) теңгемен, шетел валютасымен және алтынмен депозиттер (салымдар);

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен және (немесе) кепілгерлігімен шығарылған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

7) туынды қаржы құралдары;

8) құйма және металл шоттардағы алтын;

9) исламдық қаржыландыру құралдары;

10) квазимемлекеттік сектордың және екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарын қоспағанда, мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

11) акциялар, акцияларға депозитарлық қолхаттар;

12) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар.

Қолданыстағы