Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Жылыойского района от 18 мая 2016 года № 195 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности»

Қаулы · № 441 · қабылданған 21.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2016-no-195-ekb-116871/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Жылыойского района от 18 мая 2016 года № 195 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 441 ·21.11.2017
21.11.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Жылыойского района от 18 мая 2016 года № 195 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 441 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Жылыойского района от 18 мая 2016 года № 195 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 195 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
441
Қабылданған күні
21.11.2017
Көрсетілген редакция
21.11.2017 116871_265579.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17TB004007
ЭКБ идентификаторы
116871
Редакция идентификаторы
116871_265579
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:12

0 Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы №195 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №419 «Мәдениет, мәдениет және өнер саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, дін қызметі салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығына және Жылыой аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №14-2 «Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі №2-3 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы №195 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық акті Атырау облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №3543 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 маусымдағы аудандық «Кең Жылой» газетінде жарияланған) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының және қосымшасының атауларындағы «мәдениет» деген сөздерден кейін «спорт» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы келесі 4 бөліммен толықтырылсын:
4. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);
Аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;
Жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы, әдіскер, психолог, әдіскер, (мамандандырылған) медициналық бике/аға.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н.Өмірбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Жылыой аудандық мәслихаттың
XIV сессиясының төрағасы Т.Майлыбаев
«21» қараша 2017 жыл
Жылыой ауданы мәслихатының
хатшысы М.Кенғанов
«21» қараша 2017 жыл

Қолданыстағы