Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жылыойского района от 18 мая 2016 года № 195 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности»

Қаулы · № 128 · қабылданған 20.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2016-no-195/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жылыойского района от 18 мая 2016 года № 195 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности» Күшін жойған 14.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Жылыойского района от 18 мая 2016 года № 195 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности»

Күшін жойған Қаулы № 128 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жылыойского района от 18 мая 2016 года № 195 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
128
Қабылданған күні
20.05.2022
Көрсетілген редакция
14.08.2026 I168000_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22TB028171
ЭКБ идентификаторы
168000
Редакция идентификаторы
I168000_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:53
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 14.08.2026 № 241 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 195 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3543 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
1 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Жылыой аудандық
мәслихаты

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Жылыой ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 20 мамырдағы
№ 128 қаулысына қосымша
Жылыой ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 195 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:

1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент.

2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:

1) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшыcы (директоры);

2) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;

3) музыкалық жетекші;

4) мәдени ұйымдастырушы(негізгі қызметтер);

5) кітапханашы;

6) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

7) дыбыс режиссері.