О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 281 «Об утверждении Правил направления сотрудников правоохранительных органов и государственной фельдъегерской службы, членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров и детей сотрудников указанных органов, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в республиканские ведомственные медицинские организации, дислоцированные в городах Астана и Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 281 «Об утверждении Правил направления сотрудников правоохранительных органов и государственной фельдъегерской службы, членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров и детей сотрудников указанных органов, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в республиканские ведомственные медицинские организации, дислоцированные в городах Астана и Алматы»
- Атауы (қаз.)
- «Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 281 бұйрығына өзгерістер
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 974
- Қабылданған күні
- 11.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2019 135947_431849.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019578
- ЭКБ идентификаторы
- 135947
- Редакция идентификаторы
- 135947_431849
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:54
0
«Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13624 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық ведомстволық медициналық ұйымдарға жіберу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (Қ.Ә. Сұлтанбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне жүктелсiн.
4 4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
1 Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы ____ ________
№ ____ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 18 наурыздағы
№ 281 бұйрығымен
бекітілген
Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларының 13-тармағына сәйкес әзірленді.
2
2. Қағидалар құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін (бұдан әрі - контингент) диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін медициналық көрсеткіштер болған жағдайда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдары медициналық ұйымдарына емдеуге жатқызуға жіберу тәртібін анықтайды.
2 2-тарау. Контингентті Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу
3 3. Контингентті ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары мынадай ішкі істер органдары медициналық ұйымдарына стационарлық ем алуға жіберуді жүзеге асырады:
1 1) Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Емханасы бар орталық госпиталі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ЕбОГ);
2 2) Алматы қаласында орналасқан «Қазақстан санаторийі» акционерлік қоғамының стационары (бұдан әрі – «Қазақстан санаторийі» АҚ стационары).
4 4. Тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып, медициналық көмек көрсету қажеттілігі емдеуге жатқызу үшін көрсетім болып табылады.
5 5. ЕбОГ-не және «Қазақстан санаторийі» АҚ стационарына құқық қорғау органдарының қызметкерін емделуге жатқызу:
1 1) жоспарлы тәртiпте ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша;
2 2) шұғыл көрсетілімдер бойынша (демалыс және мереке күндерін қоса алғанда) – жолдаманың бар-жоғына қарамастан жүзеге асырылады.
6
6. Құқық қорғау органдарының қызметкерін жоспарлы емдеуге жатқызу үшін республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың полиция департаменттерінің медициналық бөлімдері (топтары) (бұдан әрі – медициналық бөлімдер) ЕбОГ-ге және «Қазақстан санаторийі» АҚ стационарына «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 027/е нысан бойынша амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмесін қарау үшін жібереді.
7 7. Қарау нәтижелері бойынша стационарлық емге көрсетілім болган кезде ЕбОГ және «Қазақстан санаторийі» АҚ стационары бес жұмыс күні ішінде медициналық бөлімдерге жоспарлы емдеуге жатқызудың белгіленген күнімен пациентті жатқызу туралы хат жолдайды.
8 8. Құқық қорғау органдарының қызметкері жоспарлы емдеуге жатқызудан бас тартқан кезде ЕбОГ және «Қазақстан санаторийі» АҚ стационары жазбаша бас тартуды негіздей отырып, медициналық бөлімдерге хабарлайды.
9
9. Құқық қорғау органдарының қызметкері медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарына стационарлық емдеуге жатқызу үшін жүгінген кезде және қызметкер ЕбОг-ді және «Қазақстан санаторийі» АҚ стационарды таңдаған кезде МСАК ұйымының маманы оны одан әрі ЕбОГ және «Қазақстан санаторийі» АҚ стационарына жатқызу үшін ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жібереді.
10 10. Құқық қорғау органдарының қызметкері ЕбОГ және «Қазақстан санаторийі» АҚ стационарына жатқызу кезінде:
1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 761 бұйрық) бекітілген 001-3/е нысаны бойынша стационарға жатқызуға жолдаманы;
2 2) № 907 бұйрықпен бекітілген 027/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасынан көшірмені;
3 3) диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функционалдық) зерттеулер нәтижелерін ұсынады.
11
11. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін ЕбОГ және «Қазақстан санаторийі» АҚ стационарына жатқызу Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүргізіледі. Стационарлық көмекті ұйымдастыру тәртібі № 761 бұйрықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.