Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 281 «Об утверждении Правил направления сотрудников правоохранительных органов и государственной фельдъегерской службы, членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров и детей сотрудников указанных органов, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в медицинские организации органов внутренних дел, дислоцированные в городах Нур-Султане и Алматы»

Бұйрық · № 488 · қабылданған 19.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2016-no-281/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 281 «Об утверждении Правил направления сотрудников правоохранительных органов и государственной фельдъегерской службы, членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров и детей сотрудников указанных органов, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в медицинские организации органов внутренних дел, дислоцированные в городах Нур-Султане и Алматы» Қолданыста Бұйрық ·№ 488 ·19.08.2021
19.08.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 281 «Об утверждении Правил направления сотрудников правоохранительных органов и государственной фельдъегерской службы, членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров и детей сотрудников указанных органов, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в медицинские организации органов внутренних дел, дислоцированные в городах Нур-Султане и Алматы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 488 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 марта 2016 года № 281 «Об утверждении Правил направления сотрудников правоохранительных органов и государственной фельдъегерской службы, членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров и детей сотрудников указанных органов, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в медицинские организации органов внутренних дел, дислоцированные в городах Нур-Султане и Алматы»
Атауы (қаз.)
«Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 281 бұйрығына өзгеріст
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
488
Қабылданған күні
19.08.2021
Көрсетілген редакция
19.08.2021 158213_537553.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024150
ЭКБ идентификаторы
158213
Редакция идентификаторы
158213_537553
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:09

0

«Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы
18 наурыздағы № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы қаулысының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса ұсынылған Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Стационарлық жағдайда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қажеттілігі емдеуге жатқызу үшін көрсетім болып табылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құқық қорғау органдарының қызметкерін жоспарлы емдеуге жатқызу үшін республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың полиция департаменттерінің медициналық бөлімдері (топтары) (бұдан әрі – медициналық бөлімдер) ЕбОГ-ге " Қазақстан санаторийі " АҚ стационарына емдеуші дәрігердің және ішкі істер органдары медициналық ұйымы басшысының қолтаңбаларымен, сондай-ақ ішкі істер органдары медициналық ұйымының мөрімен расталған клиникалық диагнозды көрсете отырып, амбулаториялық стационарлық науқастың медициналық картасынан немесе медициналық картасынан үзінді көшірмені қарау үшін жібереді.»;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген нысан бойынша медициналық ұйымға стационарға жатқызуға жолдаманы;»;
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) амбулаториялық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмені;»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін және көрсетілген органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін ЕбОГ және «Қазақстан санаторийі» АҚ стационарына жатқызу Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүргізіледі. Стационарлық жағдайларда медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібі Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бекітілген нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.»
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ішкі істер органдарының медициналық ұйымынан шығару кезінде контингенттің қолына медициналық ұйымның мөрімен расталған шығару эпикризі беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (Қ.Ә. Сұлтанбаев) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

Қолданыстағы