О внесении изменений в постановление акимата Шуского района от 18 октября 2016 года № 391 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Шуского района от 18 октября 2016 года № 391 "Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности"
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылдың 18 қазандағы №391 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 414
- Қабылданған күні
- 11.09.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 27.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2019 134699_420812.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19GK004326
- ЭКБ идентификаторы
- 134699
- Редакция идентификаторы
- 134699_420812
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:32
0 «Азаматтық қызметшілер болып
табылатын және ауылдық жерде жұмыс
істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария саласындағы
мамандар лауазымдарының тізбесін
айқындау туралы» Жамбыл облысы
Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылдың
18 қазандағы №391 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 2 тармақшасына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы №391 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3291 болып тіркелген, 2016 жылдың 30 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен айқындалған Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiнің:
2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында мамандарының лауазымдары:
Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, оның ішінде: басшы орынбасары, бөлімше меңгерушісі;
Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары (бас, аға), оның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек консультанттары мен ассистенттері, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.».
4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары;
Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың көркемдік жетекшісі;
Бас бухгалтер;
Бухгалтер;
Экономист;
Әдіскер;
Мәдени ұйымдастырушы;
Музыкалық жетекші;
Кадрлар жөніндегі маман;
Клуб меңгерушісі;
Режиссер;
Дирижер;
Аккомпаниатор;
Концертмейстер
Кітапхана меңгерушісі;
Кітапханашы;
Библиограф;
Редактор;
Қор сақтаушы;
Бағдарламашы;
Референт;
Шаруашылық бөлімінің меңгерушісі;
Костюмер;
Тігінші.».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Балқыбековке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Шу аудандық мәслихатының
хатшысы
Өмірәлиев Е.
_________________ 2019 жыл