Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 18 мая 2016 года № 48 «Об утверждении перечней должностей гражданских служащих и работников органов национальной безопасности Республики Казахстан, имеющих право на доплату за особые условия труда»

Бұйрық · № 61/қе · қабылданған 30.07.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2016-no-48-ekb-124217/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 18 мая 2016 года № 48 «Об утверждении перечней должностей гражданских служащих и работников органов национальной безопасности Республики Казахстан, имеющих право на доплату за особые условия труда» Қолданыста Бұйрық ·№ 61/қе ·30.07.2018
30.07.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 18 мая 2016 года № 48 «Об утверждении перечней должностей гражданских служащих и работников органов национальной безопасности Республики Казахстан, имеющих право на доплату за особые условия труда»

Қолданыста Бұйрық ·№ 61/қе · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 18 мая 2016 года № 48 «Об утверждении перечней должностей гражданских служащих и работников органов национальной безопасности Республики Казахстан, имеющих право на доплату за особые условия труда»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
61/қе
Қабылданған күні
30.07.2018
Көрсетілген редакция
30.07.2018 124217_346641.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017294
ЭКБ идентификаторы
124217
Редакция идентификаторы
124217_346641
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:36

0 «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының

ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлкеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13818 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аталған бұйрықпен бекітілген жұқпалы аурулардың тірі қоздырғыштарымен немесе ауру малдармен, ауру тудыратын вирустармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2018 жылғы 30 шілдедегі
№ 61/қе бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 48 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық
қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының
тізбесі

1 1. Әртіс (барлық атаулары)

2 2. Әдіскер (барлық атаулары)

3 3. Авиация механигі (барлық атаулары)

4 4. Аға ғылыми қызметкер

5 5. Аға оқытушы

6 6. Ағаш шебері

7 7. Ажарлаушы

8 8. Аккумуляторшы

9 9. Ас үй жұмысшысы

10 10. Аспаз

11 11. Асхана меңгерушісі (бастығы)

12 12. Архив меңгерушісі (басшысы)

13 13. Аудармашы

14 14. Ауысым бастығы (меңгерушісі)

15 15. Бақылаушы

16 16. Балташы

17 17. Бас ғылыми қызметкер

18 18. Бөлім бастығы

19 19. Борт радисі

20 20. Бухгалтер

21 21. Ветеринариялық дәрігер

22 22. Вулканизаторшы

23 23. Гальваншы

24 24. Ғылыми қызметкер

25 25. Дәнекерлеуші (барлық атаулары)

26 26. Дәрігер (барлық мамандықтағы)

27 27. Даяшы

28 28. Диспетчер (барлық атаулары)

29 29. Доцент

30 30. Жатақхана меңгерушісі

31 31. Жетекші ғылыми қызметкер

32 32. Жинақтаушы

33 33. Жүргізуші (барлық атаулары)

34 34. Жұмысшы (барлық атаулары)

35 35. Заңгер консультант

36 36. Зертханашы

37 37. Зертхана меңгерушісі (басшысы)

38 38. Инженер (барлық мамандықтағы)

39 39. Инспектор (барлық атаулары)

40 40. Іс жүргізуші

41 41. Кассир

42 42. Кеңесші

43 43. Кітапханашы

44 44. Кітапхана меңгерушісі (басшысы)

45 45. Комендант

46 46. Корректор

47 47. Көркемдік жетекші

48 48. Күзетші (қарауыл)

49 49. Қабылдаушы (барлық атаулары)

50 50. Қазандық меңгерушісі (басшысы)

51 51. Қаңылтыршы

52 52. Қайыс-ер бұйымдарды тігуші (әбзелші)

53 53. Қозғалтқыштарды сынаушы

54 54. Қойма басшысы (меңгерушісі)

55 55. Қоймашы

56 56. Майлаушы

57 57. Машинист (барлық атаулары)

58 58. Мейірбике (мейірие)

59 59. Мейірбикенің көмекшісі

60 60. Механик (барлық атаулары)

61 61. Монша-кір жуу комбинатының меңгерушісі (басшысы)

62 62. Моторшы (барлық атаулары)

63 63. Мыстаушы

64 64. Наубайхана басшысы (меңгерушісі)

65 65. Наубайшы

66 66. Нұсқаушы (барлық атаулары)

67 67. Оқытушы

68 68. Оператор (барлық атаулары)

69 69. Өндіріс меңгерушісі (басшысы)

70 70. Провизор (фармацевт)

71 71. Профессор

72 72. Психолог

73 73. Радиоэлектрондық аппаратураның және аспаптарының реттеушісі

74 74. Рентген зерханашысы

75 75. Референт

76 76. Санитар

77 77. Сарапшы (барлық атаулары)

78 78. Слесарь (барлық атаулары)

79 79. Слесарь-аспапшы

80 80. Сылақшы

81 81. Сырлаушы

82 82. Суретші

83 83. Тамақ жартылай фабрикаттарын жасаушы

84 84. Тас қалаушы

85 85. Темір ұста (барлық атаулары)

86 86. Телефоншы (барлық атаулары)

87 87. Техник (барлық атаулары)

88 88. Технолог (барлық атаулары)

89 89. Тігінші

90 90. Тігуші (барлық атаулары)

91 91. Токарь

92 92. Топ бастығы

93 93. Тракторшы

94 94. Фармацевт

95 95. Фельдшер (барлық атаулары)

96 96. Фрезерлеуші

97 97. Химиялық су тазартудың аппаратшысы

98 98. Шаруашылық меңгерушісі (басшысы) (барлық атаулары)

99 99. Шаруашылық басшысы (меңгерушісі)

100 100. Шатырлаушы (барлық атаулары)

101 101. Шебер

102 102. Шеберхана меңгерушісі (басшысы)

103 103. Экспедитор

104 104. Электр газбен дәнекерлеуші

105 105. Электрмен дәнекерлеуші (барлық атаулары)

106 106. Электромонтер (барлық атаулары)

107 107. Эколог

108 108. Экономист

2 Жұқпалы аурулардың тірі қоздырғыштарымен немесе ауру малдармен, ауру тудыратын вирустармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2018 жылғы 30 шілдедегі
№ 61/қе бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2016 жылғы 18 мамырдағы
№ 48 бұйрығына
2-қосымша
Жұқпалы аурулардың тірі қоздырғыштарымен немесе ауру
малдармен, ауру тудыратын вирустармен жұмыс істегені үшін
қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдары жүйесінің азаматтық қызметшілері,
қызметкерлері лауазымдарының
тізбесі

1 1. Ветеринариялық дәрігер

2 2. Ветеринариялық санитар

3 3. Ветеринариялық фельдшер

4 4. Дәрігер (барлық мамандықтағы)

5 5. Жануарларды күту бойынша жұмысшы

6 6. Зертханашы

Қолданыстағы