Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2016 года № 594 «Некоторые вопросы Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан»

Қаулы · № 659 · қабылданған 20.10.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2016-no-594/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2016 года № 594 «Некоторые вопросы Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан» Күшін жойған Қаулы ·№ 659 ·20.10.2017
21.07.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2016 года № 594 «Некоторые вопросы Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан»

Күшін жойған Қаулы ·№ 659 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2016 года № 594 «Некоторые вопросы Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
659
Қабылданған күні
20.10.2017
Көрсетілген редакция
21.07.2018 115371_378592.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000659
ЭКБ идентификаторы
115371
Редакция идентификаторы
115371_378592
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:34

0 «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам

министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 321-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік жастар саясаты, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу салаларында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, № 15 кіреберіс.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Министрліктің миссиясы:
діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, жастар саясаты, волонтерлік қызмет, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салаларында мемлекеттік реттеу.»;
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы, жастар саясаты, волонтерлік қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;»;
16-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) діни қызмет, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы, мемлекеттік жастар саясаты, волонтерлік қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;»;
мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2) және 45-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«45-1) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту;
45-2) волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын бекіту;
45-3) волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;
48), 56), 57), 58) және 59) тармақшалар алып тасталсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 29-1), 29-2), 29-3), 29-4), 29-5) және 29-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«29-1) Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жинақтау мен қорытуды жүзеге асыру;
29-2) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлеу;
29-3) волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге волонтерлік ұйымдар мен волонтерлерді тарту тәртібі жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
29-4) волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;
29-5) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
29-6) волонтерлік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;»;
23-тармақ алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы