О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2016 года № 84 «Об утверждении условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства на селе на 2016 год в рамках Дорожной карты занятости 2020»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2016 года № 84 «Об утверждении условий кредитования областных бюджетов на содействие развитию предпринимательства на селе на 2016 год в рамках Дорожной карты занятости 2020»
- Атауы (қаз.)
- «Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 212
- Қабылданған күні
- 14.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.04.2016 101306_83168.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000212
- ЭКБ идентификаторы
- 101306
- Редакция идентификаторы
- 101306_83168
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:35
0 «Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 84 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 84 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған талаптары бекітілсін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2016 жылға арналған шарттары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 14 сәуірдегі
№ 212 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 84 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің
2016 жылға арналған талаптары
1 1. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:
1
1) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысында көзделген 30 823 827 000 (отыз миллиард сегіз жүз жиырма үш миллион сегіз жүз жиырма жеті мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 5 (бес) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша беріледі;