Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 18 апреля 2016 года № 99 «Об утверждении объемов и нормативов субсидий на развитие племенного животноводства и повышение продуктивности и качества продукции животноводства на 2016 год»

Қаулы · № 335 · қабылданған 07.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2016-no-99-2016/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 18 апреля 2016 года № 99 «Об утверждении объемов и нормативов субсидий на развитие племенного животноводства и повышение продуктивности и качества продукции животноводства на 2016 год» Қолданыста Қаулы ·№ 335 ·07.11.2016
07.11.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 18 апреля 2016 года № 99 «Об утверждении объемов и нормативов субсидий на развитие племенного животноводства и повышение продуктивности и качества продукции животноводства на 2016 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 335 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 18 апреля 2016 года № 99 «Об утверждении объемов и нормативов субсидий на развитие племенного животноводства и повышение продуктивности и качества продукции животноводства на 2016 год»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 99 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігімен сапасына арттыруға 2016 жылға субсидиялар көлемдері мен нормативтерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
335
Қабылданған күні
07.11.2016
Көрсетілген редакция
07.11.2016 107685_123246.kaz
Соңғы өзгеріс
07.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16M0003189
ЭКБ идентификаторы
107685
Редакция идентификаторы
107685_123246
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:20

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы 18 сәуірдегі
№ 99 «Асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамытуға және
мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігі мен сапасын арттыруға
2016 жылға субсидиялар көлемдері
мен нормативтерін бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 99 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға 2016 жылға субсидиялар көлемдері мен нормативтерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3045 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. М. Әміржановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Маңғыстау облысының
ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________ Б. Ерсайынұлы
«07» қараша 2016 жыл

5 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы «07» қарашадағы
№ 335 қаулысына
қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2016 жылғы 18 сәуірдегі № 99
қаулысына 3 қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға
2016 жылға субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Субсидияланатын көлем,
килограмм
Субсидия сомасы,
мың теңге
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту
1
Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу:
асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы
1 500
7 998
11 997,0
2
Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
8 000
247
1 976,0
3
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
40 000
52
2 080,0
4
Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу
120
16 000
1 920,0
Өнім өндірісінің құнын арзандату
5
Түйе еті
90
30 000
2 700,0
6
Шұбат
55
550 000
30 250,0
7
Жылқы еті
92
20 000
1 840,0
8
Қой еті (1-деңгей)
200
35 000
7 000,0
9
Қой еті (2-деңгей)
100
10 900
1 090,0
Ірі, шырынды, құрама жемшөп пен жемшөп қоспаларын дайындау және
сатып алу бойынша шығындарды арзандату
10
Қой шаруашылығы
1585
8 000
12 680,0
11
Жылқы шаруашылығы
3754
1000
3 754,0
12
Түйе шаруашылығы
3387
801
2 713,0
Жиыны
80 000,0

Қолданыстағы