О внесении изменений в решение акима сельского округа Жансары от 18 сентября 2017 года № 03 «О переименовании улиц в сельском округе Жансары»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима сельского округа Жансары от 18 сентября 2017 года № 03 «О переименовании улиц в сельском округе Жансары»
- Атауы (қаз.)
- Жансары ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 03 «Жансары ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 04
- Қабылданған күні
- 13.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2018 123900_342208.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KOE04882
- ЭКБ идентификаторы
- 123900
- Редакция идентификаторы
- 123900_342208
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:43
0 Жансары ауылдық округі әкімінің
2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 03
«Жансары ауылдық округіндегі
көшелерді қайта атау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 68/02 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 03 қарашадағы № 245 «Қарағанды облысының кейбір елді мекендері мен елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4455 болып тіркелген) бірлескен қаулы және шешімі негізінде, Жансары ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Жансары ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 03 «Жансары ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4361 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 12 қазанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«1) Аманқоңыр ауылындағы Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;
2) Аманқоңыр ауылындағы Школьная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
3) Аманқоңыр ауылындағы Родниковая көшесін Болашақ көшесіне;».