О внесении изменений в постановление акимата Ордабасынского района от 18 августа 2017 года № 333 «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Ордабасынского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Ордабасынского района от 18 августа 2017 года № 333 «Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Ордабасынского района»
- Атауы (қаз.)
- Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 333 «Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 652
- Қабылданған күні
- 30.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2023 150916_644948.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UH005983
- ЭКБ идентификаторы
- 150916
- Редакция идентификаторы
- 150916_644948
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:17
0 Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы № 333 «Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ордабасы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 18 тамыздағы №333 «Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4199 тіркелген, 2017 жылғы 9 қыркүйекте «Ордабасы оттары» газетінің №39 санында және 2017 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ордабасы ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы»;
көрсетілген қаулының 1 тармағындағы «белгіленсін» сөзі «айқындалсын» сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ордабасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Сейітқұлға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
Ордабасы ауданы
Әкімдігінің 2020 жылғы
«30» желтоқсандағы № 652
қаулысына қосымша
Ордабасы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№
Ауыл округінің атауы
Орналасқан орны
1
Қараспан
ауыл округі
Қараспан елді мекені, С.Байболатов және Ш.Бимырза көшелерінің қиылысы
2
Бөржар
ауыл округі
Ұялыжар елді мекені, Төлеби және Ж.Жабаев көшелерінің қиылысы
3
Жеңіс
ауыл округі
Жеңіс елді мекені, С.Қожанов көшесінің бойы
4
Бөген
ауыл округі
Бөген елді мекені, Б.Кенжебаев көшесінің бойындағы «Жетібай А» наубайханасы мен «Қарабала» шаруақожалығы ғимаратының арасы
5
Бадам
ауыл округі
Бадам елді мекені, Т.Қабылұлы көшесінің бойы
6
Төрткүл
ауыл округі
Төрткүл елді мекені, Самара –Шымкент М-32 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойы
7
Шұбар
ауыл округі
Шұбар елді мекені, Райымбек батыр көшесінің бойы
8
Қарақұм
ауыл округі
Қарақұм елді мекені, Қажымұқан және М.Маметова көшелерінің қиылысы
9
Шұбарсу
ауыл округі
Шұбарсу елді мекені, Д.Қонаев көшесінің бойы
10
Қажымұхан
ауыл округі
Темірлан елді мекені, Қажымұқан көшесінің бойы