Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»

Қаулы · № 922 · қабылданған 23.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2017-no-81-ekb-162192/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 922 ·23.12.2021
23.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 922 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
922
Қабылданған күні
23.12.2021
Көрсетілген редакция
23.12.2021 162192_552935.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000922
ЭКБ идентификаторы
162192
Редакция идентификаторы
162192_552935
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:54

0 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту;»;
63-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«63-2) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталын қолдап отыруды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
119), 119-1), 119-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«119) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
119-1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;
119-2) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 119-3) тармақшамен толықтырылсын:
«119-3) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерді көрсетуі қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
121-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«121-2) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында оларды тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
121-3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 121-4), 121-5), 121-6), 121-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«121-4) мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау тәртібінің қағидаларын әзірлеу;
121-5) мүгедектер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
121-6) мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
121-7) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 154-14) тармақшамен толықтырылсын:
«154-14) бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының әлеуметтік сала көрсеткіштерін болжау әдістемесін бекіту;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы