О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 985
- Қабылданған күні
- 06.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2022 174964_605475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000985
- ЭКБ идентификаторы
- 174964
- Редакция идентификаторы
- 174964_605475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:16
0 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
197) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«197) өз құзыреті шегінде тең мүмкіндіктер, толеранттылық қағидаттарының сақталуын және шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, нанымы, тұрғылықты жері себептері бойынша құқықтарға нұқсан келтіруге жол бермеуді, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарында этносаралық және өзге де кез келген кемсітушіліктің туындауының алдын алуды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;»;
мынадай мазмұндағы 206-1) тармақшамен толықтырылсын:
«206-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдау және анықтау, оларды жою бойынша шаралар қабылдау;».