Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»

Қаулы · № 603 · қабылданған 25.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2017-no-81-ekb-199127/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 603 ·25.07.2024
25.07.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 603 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
603
Қабылданған күні
25.07.2024
Көрсетілген редакция
25.07.2024 199127_715266.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000603
ЭКБ идентификаторы
199127
Редакция идентификаторы
199127_715266
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:24

0 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
15) тармақша мынадай редакциясы жазылсын:
«15) қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық, немесе салааралық үлгілік, немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгiлеу;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) қызметтің тиісті салаларындағы мемлекеттік органдармен келісу бойынша қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық, немесе салааралық үлгілік, немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу және бекіту;
15-2) қызметтің тиісті салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен өздері бекітетін ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін келісу;»;
мынадай мазмұндағы 122-1) тармақшамен толықтырылсын:
«122-1) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
130-1) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
190-1) тармақша мынадай редакциясы жазылсын:
«190-1) министрлердің, аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қалалар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 229-32), 229-33), 229-34), 229-35), 229-36) және 229-37) тармақшалармен толықтырылсын:
«229-32) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға лицензия беру;
229-33) медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асыру;
229-34) медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-35) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-36) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынуға қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;
229-37) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;».

2 2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші, жетінші, сегізінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы