Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»

Қаулы · № 789 · қабылданған 01.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2017-no-81-ekb-229842/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан» Қолданыста 01.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы № 789 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 «Некоторые вопросы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
789
Қабылданған күні
01.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
01.09.2026
Көрсетілген редакция
01.09.2026 I229842_0.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2600000789
ЭКБ идентификаторы
229842
Редакция идентификаторы
I229842_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
12.09.2026 03:31
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 29-2), 29-3) және 29-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«29-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеудің құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
29-3) кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу процестерін ұйымдастырушылық және техникалық жағынан сүйемелдеуді жүзеге асыратын жұмыс органын айқындау;
29-4) кәсіптік біліктіліктерді және (немесе) дағдыларды растайтын халықаралық сертификаттарды тану тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 38-1) және 38-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«38-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту;
38-2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін және білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша әзірленетін мемлекеттік білім беру ұйымдарында басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын келісу;»;
70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу, оның орындалуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын әзірлеу және бекіту»;
73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«73) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамалар беру немесе ұзарту қағидаларын, шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлеу және бекіту;»;
75) және 76) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«75) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар арасында бөлу қағидаларын әзірлеу;
76) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларын бекіту;»;
84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«84) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру, «Шетелдік жұмыс күші» цифрлық жүйесін құру және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;»;
85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«85) астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«93) көшіп-қонушылардың және этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті цифрлық объектілерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;»;
116) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«116) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квотасын белгілеу және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар арасында бөлу;»;
120) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«120) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар арасында бөлу;»;
мынадай мазмұндағы 120-1) тармақшамен толықтырылсын:
«120-1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелерін есепке алу;»;
129) және 130) тармақшалар алып тасталсын;
131-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«131-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының иелігіне түсетін (иелігіндегі) бюджеттік қаражатты пайдалану тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 131-2) тармақшамен толықтырылсын:
«131-2) жәрдемақылардың тізбесін және оларды тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттарын, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттарын әзірлеу;»;
133) тармақша алып тасталсын;
142) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«142) республикалық бюджеттен зейнетақы тағайындау, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін алу, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша түсіндірме беру;»;
мынадай мазмұндағы 158-2) тармақшамен толықтырылсын:
«158-2) белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында қызметтер көрсету стандартын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 178-1) тармақшамен толықтырылсын:
«178-1) жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілердің қызметіне мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;»;
184), 185) және 185-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«184) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін бекіту;
185) учаскелік комиссиялар туралы ережені әзірлеу және бекіту;
185-1) цифрландыру, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылығын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
229-12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«229-12) шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін бекіту;»;
229-20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«229-20) кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеу, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, қолданылуын қайта бастау және тоқтату қағидаларын, сондай-ақ аккредиттеу аттестатының нысанын, аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарын әзірлеу және бекіту;»;
229-22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«229-22) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) өзектілендіру тәртібін айқындау;»;
229-26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«229-26) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті танудағы еңбек нарығының қажеттілігін қалыптастыру;»;
мынадай мазмұндағы 229-111), 229-112), 229-113), 229-114), 229-115), 229-116), 229-117), 229-118), 229-119), 229-120), 229-121), 229-122), 229-123), 229-124), 229-125), 229-126), 229-127), 229-128), 229-129), 229-130) және 229-131) тармақшалармен толықтырылсын:
«229-111) платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-112) психологтардың кәсіптік біліктілігін тану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
229-113) психологиялық қызмет саласындағы шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
229-114) психологиялық көмек алушының немесе оның заңды өкілінің хабардарлығы туралы келісім нысанын бекіту;
229-115) психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ оларды психологтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан алып тастау тәртібін әзірлеу және бекіту;
229-116) психологтардың әдеп кодексін әзірлеу және бекіту;
229-117) ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында психологтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
229-118) бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдердің санаттары бойынша алушылардың болжамды санын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
229-119) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Отбасының цифрлық картасын жүргізу, толтыру және оған енгізілетін деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
229-120) бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін айқындау;
229-121) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындау;
229-122) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындау;
229-123) мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындау;
229-124) еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындау;
229-125) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін айқындау;
229-126) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
229-127) ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген қалалар мен кезеңдердің тізбесін бекіту;
229-128) ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңдердің тізбесін бекіту;
229-129) ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, аумақтар мен кезеңдердің тізбесін бекіту;
229-130) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған, наградтау кезінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын бұрынғы КСР Одағы медальдарының тізбесін бекіту;
229-131) әлеуметтік қорғау шараларынан үміткер, оларды алатын, сондай-ақ оларды тағайындауға қайта жүгінген адамдар (отбасы), отбасы мүшелері, үй шаруашылығы банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, жаңартып отыруға және беруге келісім беру мерзімдерін және тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындау;»;
19-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Құрылтайында, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;»;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
«21-1. Министрліктің аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) Министрлікке жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрліктің, оның ведомстволарының қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрліктің бірінші басшысымен келісілгеннен кейін тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітілген Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің штат санын және штат кестесін бекітеді;
5) Министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің бірінші басшысымен келісу бойынша Министрліктің бірінші басшысы немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін Министрліктің департаменттері мен дербес басқармаларының басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
7) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
8) Министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
9) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
10) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
11) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;
12) Министрліктің мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;
13) Министрліктің бюджеттік сұранымын дайындауды қамтамасыз етеді, бюджеттік сұранымды Министрліктің бірінші басшысына ұсынады, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындайды;
14) Министрліктің бірінші басшысы мен оның орынбасарлары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
15) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдайды;
16) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.».

2. Осы қаулы:

1) 2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші абзацтарын;

3) 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші, он екінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші абзацтарын;

4) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.