О внесении изменения в постановление акимата города Семей от 18 января 2017 года № 87 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Семей от 18 января 2017 года № 87 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1170
- Қабылданған күні
- 04.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2021 133127_579583.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VB006057
- ЭКБ идентификаторы
- 133127
- Редакция идентификаторы
- 133127_579583
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:15
0 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 87 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Семей қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 87 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4883 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық тексеру банкісінде электрондық түрде, «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде 2017 жылғы 7 сәуірдегі жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспеде «6 тармақ» деген сан және сөз «6) тармақша» деген санға және сөзге ауыстырылсын.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының заң шығару және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;