Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 18 апреля 2017 года № 94 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица»

Қаулы · № 73 · қабылданған 15.03.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2017-no-94-ekb-120081/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 18 апреля 2017 года № 94 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица» Күшін жойған Қаулы ·№ 73 ·15.03.2018
17.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 18 апреля 2017 года № 94 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица»

Күшін жойған Қаулы ·№ 73 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 18 апреля 2017 года № 94 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица»
Атауы (қаз.)
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 94 «Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73
Қабылданған күні
15.03.2018
Көрсетілген редакция
17.08.2018 120081_345463.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18U0004497
ЭКБ идентификаторы
120081
Редакция идентификаторы
120081_345463
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:21

0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2017 жылғы 12 сәуірдегі № 94 «Заңды
тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы
бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда
көрсететін қызметтер үшін тарифтер
мөлшерін бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі №94 «Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4103-нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 23 мамырда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілісін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері осы қаулыға 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес бекітілсін».
көрсетілген қаулы осы қаулыға қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. «Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

4 4) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ә.Ш.Өсербаев
Ә.Е.Тұрғымбеков
Б.С.Жамалов
Е.Ә.Садыр
Ұ.Сәдібеков
Т.К.Сәрсембаев
А.С.Сәбитов
А.Б.Тасыбаев

9 Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2018 жылғы
15 наурыздағы №73
қаулысына қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
18 сәуірдегі №94
қаулысына 3-қосымша
«Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ұсынатын қызметтері үшін тарифтер мөлшері

Қызметтер атауы
Өлшем бірлігі
Пайдалану уақыты
Тарифтер мөлшері, теңге
Ескертпе
1
Тамашалау алаңдарын ұсыну (экспозициялық аймақ)
1
1 күн
500
Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі, тамашалау алаңдарын ұсыну (экспозициялық аймақ) қызметінің тарифіне (500 теңге) қосылған
Ескерту:
«Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ұсынатын қызметтері үшін келесі жеңілдіктер қарастырылады:
мектеп жасына дейінгі балаларға, ардагерлерге және бірінші мен екінші топтағы мүгедектерге (6 жасқа дейін) - тегін;
мектеп жасындағы балаларға (6 жастан 17 жасқа дейін) - 50%;
күндізгі маусымдағы студентерге – 25%.

Қолданыстағы