О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 18 апреля 2017 года № 94 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 18 апреля 2017 года № 94 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица»
- Атауы (қаз.)
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 82
- Қабылданған күні
- 29.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2022 167414_572763.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22U0027962
- ЭКБ идентификаторы
- 167414
- Редакция идентификаторы
- 167414_572763
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:08
0 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4103 болып тiркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 1, 3 қосымшалары алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері
Түркістан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі № 82
қаулысына қосымша
Түркістан облысы әкімдігінің
2017 жылғы 18 сәуірдегі № 94
қаулысына қосымша
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері
№
Қызмет атаулары
Өлшем бірлігі
Пайдалану уақыты
Тарифтер мөлшері, теңге
1
2
3
4
5
1
Көлік тұрақтарын ұсыну
1 бірлік
1 тәулік
176
2
Туристік құрал-жабдықтар беру, оның ішінде:
1) туристік палаткалар
1 бірлік
1 күн
665
2) жатын қапшықтармен жабдықталған туристік палаткалар
1 бірлік
1 күн
1 500
3
Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер беру, оның ішінде:
1) монша (1-6 адам)
1 бірлік
1 сағат
2 136
2) киіз үйлер
1 бірлік
1 тәулік
10 206
3) тұрмыстық заттармен жабдықталған (ыдыс-аяқ, төсек орындар) киіз үйлер
1 бірлік
1 тәулік
20 000
4) тапшандар (1-6 адамға дейін)
1 бірлік
1 тәулік
5 000
5) тұрмыстық заттармен жабдықталған тапшандар (ыдыс-аяқ, төсек орындар, 6 адамнан көп)
1 бірлік
1 тәулік
6 000
6) кемпинг (ағаш үйлер) (4 адамға дейін)
1 бірлік
1 тәулік
12 000
7) 6 адамдық кемпинг (вагон-үй)
1 бірлік
1 тәулік
8 550
8) жақсартылған жағдаймен салқындатқыш, жылыту құрылғылары бар 6 адамдық кемпинг (вагон-үй)
1 бірлік
1 тәулік
11 000
4
Көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну, оның ішінде:
1) қар шанасы
1 бірлік
1 сағат
3 500
2) квадроцикл
1 бірлік
1 сағат
3 500
3) моторлы қайық (1 адам)
1 бірлік
1 сағат
1 820
4) моторлы қайық (4 адам)
1 бірлік
1 сағат
7 277
5) газель NEXT
1 бірлік
1 сағат
8 000
6) мініс ат
1 бірлік
1 сағат
1 850
5
Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу
1 адам
1 тәулік
195
6
Қызметтер:
1) жол серіктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар, кино, бейне және фото таспаларына түсiру
1 топ
(20 адамға дейін)
1 күн
6 540
7
Туристiк соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын ұсыну*
1 адам
1 күн
100
Ескерту: * көрсететін қызметтер үшін келесі жеңілдіктерді қарастырады:
-мектеп жасына дейінгі балаларға – тегін;
-мектеп жасындағы балаларға – 50%;
-күндізгі маусымдағы студенттерге - 25%.