О внесении изменения в постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 18 мая 2018 года № 141 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 18 мая 2018 года № 141 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 141 «Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 424
- Қабылданған күні
- 26.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2021 136639_528785.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19SK005700
- ЭКБ идентификаторы
- 136639
- Редакция идентификаторы
- 136639_528785
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:40
0 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 мамырдағы №141 «Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқаорналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бекітілген Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» 2018 жылғы 18 мамырдағы № 141 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 13 маусымында жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4746 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Тайынша ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «___» ___________
№ ___ қаулысына
қосымша
Тайынша ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «18» мамырдағы
№ 141 қаулысына
қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
«Бастау-2019» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі
10
10%
1
«Алмаз» шаруа қожалығы
10
10 %
1
Жеке кәсіпкер «Ысқақов»
10
10%
1