О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 157 «Об утверждении Правил определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора и Перечня субъектов квазигосударственного сектора, в отношении которых определяется предельный объем внешнего долга»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 157 «Об утверждении Правил определения предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора и Перечня субъектов квазигосударственного сектора, в отношении которых определяется предельный объем внешнего долга»
- Атауы (қаз.)
- «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын және Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 28.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 157392_647716.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023757
- ЭКБ идентификаторы
- 157392
- Редакция идентификаторы
- 157392_647716
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:22
0
«Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын және Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының шекті көлемін айқындау қағидаларын және Оларға қатысты сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16814 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесі бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
1 Сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2021 жылғы 28 шілдедегі № 73
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 18 сәуірдегі № 157
бұйрығына 2-қосымша
Сыртқы борыштың шекті көлемі айқындалатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесі
№ р/н
Атауы
1
«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
2
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
3
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы