О внесении дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 18 января 2018 года № 20 «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений и нормы субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 18 января 2018 года № 20 «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений и нормы субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 «Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 503
- Қабылданған күні
- 21.11.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2019 126075_390582.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005956
- ЭКБ идентификаторы
- 126075
- Редакция идентификаторы
- 126075_390582
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:33
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 «Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11223 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 20 «Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5887 тіркелген, 2018 жылдың 15 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары:
осы қаулының қосымшасына сәйкес 97, 98, 99 және 100 жолдарымен толықтырылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 21 қарашадағы
№ 503 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы 18 қаңтардағы
№ 20 қаулысымен бекітілген
97
Концентрленген кальций нитраты
СаО-32; N- 17
килограмм
120,00
98
Магний азотқышқылды 6- сулы (магний селитрасы)
MgО-15,5; N-11,1
килограмм
135,00
99
Магний күкіртқышқылды 7-сулы
MgО-16,6; SO3-13,2
килограмм
94,00
100
Калий сульфаты (күкіртқышқылды калий)
K2О-51; SO3-45
килограмм
220,00